2023 - 2024 оқу жылының маусым айының 24 жұлдызынан бастап №15 колледждің оқу жұмыс жоспарына сай Worldskills талаптары бойынша нақты өндірістік үрдістерді модельдеу жағдайында практикалық дағдыларды, білім деңгейі мен икемділікті көрсету және тәуелсіз бағалау процедурасын көздейтін демонстрациялық емтихан басталды. Бекітілген кестеге сәйкес демонстрациялық емтихан тапсыруға өтініш берген 56 бітіруші түлектер 07161600 - «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», 072301000 - «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу», 07161300 - «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 07321100 - «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық обьектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану», 10130300 - Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандықтары бойынша 24 - 28 маусым аралығында өндірістік алаңдар мен шеберханаларда демонстрациялық емтихан тапсыруда. Құзіреттілік бойынша тапсырмалар мен бағалау құжаттарының кешенін әрбір мамандықтар бойынша арнайы пән оқытушылары мен әлеуметтік әріптестестерден шақырылған мамандармен бірлесе отырып әзірленді. Сарапшылар ретінде өндірістік мекемелерден өкілдер шақырылды: «Абилда» ш/қ төрағасы Д. Ермекбаев, «Мейрамбек - С» ш/қ төрағасы П. Муратов, «Жәнібек» ш/қ төрағасы Б. Мамыталиев, жеке кәсіпкер Н. Танияров, жеке кәсіпкер К Бердалиев және тб сарапшылар студенттердің білім деңгейі мен біліктілігін, қалыптасқан дағдыларын анықтау мақсатында орасан жұмыстар атқаруда. Алғашқы демонстрациялық емтиханды колледж директоры Е.С.Нурханов ашып беріп сарапшылар мен студенттерге алдағы атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі. Техникалық сарапшылар Х. Айдарбеков пен М. Ауезовтер білім алушыларға жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шараларына баса көңіл аударуды талап етті.