«№15 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 1959 жылы 11 желтоқсанда «Мақталы» савхозында Қазақстан  Республикасы Министрлер Кеңесінің №132 шешіміне  сәйкес  халық депутаттар Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  атқару комитетінің  №627 шешімімен  №123 қысқа мерзімді механизаторлар училищесі  болып ашылып,  1965 жылы №92 кәсіптік –техникалық училище болып өзгертілген.

Кәсіптік – техникалық  училищелер  республика  бойынша   орта білім беретін жүйеге  ауысуына  байланысты 1976 жылы №28 орта кәсіптік  техникалық училище болып қайта құрылған  және бұрынғы Киров  поселкесі  қазіргі  Асықата  кентіне  көшірілген.

1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім департаментінің №495 бұйрығымен  орта кәсіптік  -техникалық мектебі  болып, сосын кәсіптік  мектеп  жүйесіне  ауыстырылған. 

Оңтүстік  Қазақстан облысы әкімдігінің  2008 жылғы  25 қыркүйектегі №306 «Білім беру мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорындарын қайта атау туралы» қаулысына сәйкес  Оңтүстік  Қазақстан  облысы әкімдігінің   білім департаментінің  «№15 кәсіптік  лицей» мемлекеттік  коммуналық қазыналық  кәсіпорны  болып қайта тағайындалды.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  әкімдігі  2012 жылғы  24 желтоқсан  №394 қаулысына  сәйкес  «Білім беру  мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорындарын  қайта атау туралы»  басқармасының   «№15 кәсіптік лицей» мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық басқармасының «№15 колледж» мемлекеттік  кәсіпорны болып қайта аталынды. №15 колледждің басты мақсаты құзіреттілік тәсілге негізделген сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау болып табылады.

  Аудан аймағындағы  кәсіпорындар мен шаруа қожалықтар және жеке кәсіпкерлерге қажетті жұмысшы кадрларды даярлап шығаруда.

 

 

Мамандықтардың коды мен аттары

  • 1504000 – «Фермер шаруашылығы»
  • 1211000 – Тігін өндірісі  және киімдерді  үлгілеу.
  • 1201000 – Автомобиль  көлігіне  техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану.
  • 304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.
  • 1403000 – Ішкі  санитарлық –техникалық  құрылғыларды , желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді  монтаждау  және пайдалану  (түрлері                             бойынша)
  • 1114000 – Дәнекерлеу ісі.
  • 0508000 – Тамақтандыруды ұйымдастыру.

  Қазіргі заманғы  білім беру жүйесі ізденуді талап етеді. Кәсіптік  білім беретін  оқу орындарының  алдына  қойған  міндеттерінің бірі  «Іргелі білімді  кеңінен меңгерген, бастамшыл, еңбек  рыногы мен технологиялардың  ауысып тұратын талаптарғат бейімделген  командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау»

Модульдік –құзіреттілік  тәсілдеме негізінде  « Кәсіпқор Холдингі» КЕ АҚ  әзірлеген  техникалық  және кәсіптік білім беру  бағдарламаларын  іске  асыру  жұмыстары  жүріп жатыр. Дуальды оқытуды қолданумен бірге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары оқыту орындарындағы теориялық оқуды және ұйым (кәсіпорын) базасында өндірістік оқыту мен практиканың кемінде 60 пайызын көздейді.

WorldSkills  чемпионатының талаптарын оқу үрдісіне енгізіп іске асырып жатырмыз.   WorldSkills  чемпионаты кәсіптік, техникалық мамандықтарды жандандырып жаңа үлгіге бағыттап келеді. Осы чемпионатқа колледж 2019 жылы «Аспаз ісі»  құзіреттілігі  бойынша  Шатманова Юлдуз Карарбековна, «Сән технологиясы» құзіреттілігі   бойынша Сатыбалды Назым, «Фермер шаруашылығы» құзіреттілігі бойынша «Ең үздік жас механизатор»  байқауына қатысқан Аздархан Шалқар, «Дәнекерлеу ісі» құзіреттілігі бойынша Абилбашаров Азамат қатысып сертификаттармен оралды.  2019 жылы WorldSkills Каzakhstan чемпионатының талаптары негізінде  «Тігін өндірісі және киімдерді  үлгілеу», «Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдары технологиясы» құзіреттілігі бойынша өткізілген «Үздік сәнгер» дефиле –байқауында  «Шығармашыл шебер» номинациясын  иеленген. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  студенттері арасында «Аспаз» құзіреттілігі бойынша  «Үздік маман-2020» облыстық байқауында  «Авторлық тағам» номинациясын Темірбек Мария иеленді. 2020  жыл –Еріктілер жылына орай  жастардың интеллектуалдық, танымдық қабілетін арттыру «Білімділер алаңы» интеллектуалды ойынында ІІ орынды иеленді. 

колледжде  оқу процесін ұйымдастыру және өткізу үшін 4 әдістемелік   бірлестік   жұмыс жасайды:

  1. «Жалпы пәндер» әдістемелік бірлестігі.
  2. «Арнайы пәндер» әдістемелік бірлестігі.
  3. «Кәсіби пәндер» әдістемелік бірлестігі.
  4. «АӘД және дене шынықтыру пәндер» әдістемелік бірлестігі.

   №15 колледж МКҚК нормативтік-құқықтық құжаттарға сай жүйелі түрде жұмыс жасауын Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасы  жүйелі бақылайды.

2012 жылдың желтоқсан айында кезектегі мемлекеттік аттестациялаудан өткізілді және техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растады.
 Бүгінгі таңда №15 колледж іргелі білім ұясы ғана емес, ауданымыздың шаруашылықтарына кәсіптік  мамандық  даярлап  кадрлармен қамтамасыз етіп отырған оқу орны.