АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТІЛДІ

“Таңдау. Болашақ. Мамандық”

Білім ордасында жас түлектерге мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға және кәсіптік бағдар беру мақсатында Жетісай ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен 15.03.2023 жылы “Таңдау. Болашақ. Мамандық” ашық есік күні өтілді. Сондай-ақ Түркістан облысы, адами әлеуетті дамыту басқармасы

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған Түркістан облысындағы білім беру мекемелерінде өткізілетін “Қош келдің - әз Наурыз!” онкүндік мерекелік іс-шарасы жалғасын тапты. Іс -шараға жиналған жас түлектер колледждің жоспары бойынша арнайы пән оқытушыларының ашық сабақтарына және шебер сыныптарына қатысты. Дене шынықтыру пәнінің оқытушыларының бастамасымен колледж ауласында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды. Мектеп түлектері қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Сондай-ақ, колледждің ғимараттарымен, материалдық-техникалық базасымен, жатақханамен танысып, аралады. Жастар ісі жөніндегі төрайымы Нурмаханбетова Индира Бағалықызының ұйымдастыруымен жас өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт қойылды. Колледж ауласына жиналып салтанатты мерекелік іс-шараға қатысты. Салтанатты іс-шараны колледж директоры Нурханов Есенәлі Сматуллаұлы алғы сөзбен ашып берді. Сөз кезегінің жалғасын оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Айдарбеков Хамит Сатыбалдиевич жалғастыра отырып, колледж тарихымен, елеулі жетістіктерімен, колледжде дайындалатын мамандықтар әлемімен таныстырды. Болашақ түлектерге және олардың жетекшілеріне Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арнайы тігілген киіз үйге ақ дастархан жайылып, наурыз көже тарқатылды. Сонымен қоса жылдағы дәстүр бойынша биыл “Тұсау кесер” салт-дәстүрімізді дәріптедік. Кішкентай қос балапанымыздың тұсауын кесілді. Мерекелік концерт жалғасын тауып, колледжіміздің арнайы пән оқытушылары Жамбаева Гульнар Аубековна, Жунисова Индира Утипбергеновна, Арапбаева Айдананың жетекшілігімен тігінші мамандығының III-курс білімалушылары өз туындыларын подиумға шығарып, “Дефиле” көрсетті.  Мерекелік концерт жалғасын тауып, спорт алаңында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мектептен келген түлектер спорттық жарыстарға қатысып, жеңіске жеткен түлектер мен колледж білімалушылары алғыс хаттармен марапатталды. Ауданнан келген беделді кәсіпкерлеріміз білімді де, өнерлі білімалушыларымыздың өнерлерін тамашалады. Соңында жарнамалар таратылып, 2023-2024 оқу жылына қабылдаудың ерешеліктері туралы мағлұматтар алды.