15.11.2022 ж.

№15 колледж МКҚК - да “Жұмыс берушілер күні” аталып өтілді.

Жоспар бойынша:

  1. Колледж базасындағы құрал - жабдықтарға саяхат жасалды.

Көрме көрсетілді, студенттер жасаған тәтті тағамдармен кәсіпкерлерге кофе - брейк ұсынылды.

  1. Шеберханада шеберлер мен студенттердің қатысуымен шеберлік жұмыстар көрсетілді.
  2. Дуальдық оқыту бағыты бойынша өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Айдарбеков Хамит Сатыбалдыұлы баяндама оқып, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары жүргізілу барысында, Жетісай қалалық Жұмыспен қамту бөлімінен бас маман Манкараев Наурыз Сарсенбекович бітіруші студенттердің жұмысқа қалай орналасуға болатыны жайлы, кәсіп бастауға 2% грантты қалай алуға болатынына түсіндірме жұмыстары жүргізіле отырып, бағыт - бағдар берді. Сондай - ақ, Жетісай аудандық кәсіпкерлік палатадан Абдикаримов Ерлан Арыстанбекович бітіруші студенттерді кәсіп бастауға шақыра отырып, мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетілетіні жайлы қысқаша мәлімет беріп өтті.

  1. Кәсіпкерлерді "Жұмыс берушілер күнімен" колледж директоры Нурханов Есеналы Сматуллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпорын басшыларын республикалық, облыстық, аудандық алғыс хаттармен марапаттады.
  2. Әлеуметтік серіктестермен меморандум жасалынып, қол қою рәсімі жасалды.
  3. Бос орындар жәрмеңкесі бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығы бітіруші студенттермен таныстырылды.