5-қыркүйек Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, 15 колледж МКҚК тіл білімінің атасы, Алаш қайраткері «Ахмет Байтұрсыновтың - 150 жылдығына «ҰЛТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰСТАЗ» тақырыбында Жалпы пәндер бірлестігің ұйымдастыруымен іс-шараның ашылу салтанаты болып өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбек жолын таныстыру. Елімізде тұратын барша ұлттардың ортақ тілі мемлекеттік тілімізге құрмет көрсету. Тіл туралы заңымыздың және мемлекеттік тілдің қадыр-қасиетін ұғындыру. Сондай-ақ алдағы уақытта, жалпы пән оқытушылары студенттер арасында ақынның олеңін оқу,
ақынның өлеңдерін оқу, мысалдары бойынша сахналық қойылымдар және суреттер сайысы ,ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты білгірлер сайыстарын өткізетін болады.