15 колледж МКҚК- да салтанатты жиын өткізілді. Білім биігіне жетелер колледж табалдырығын жүз тоқсан сегіз жаңа білімалушы аттап, «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбындағы салтанатты жиынға қатысты.


🇰🇿Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік рәміздері ұлықтаудан бастау алып, әнұран шырқалды. Бүгінгі салтанатты жиында колледж директоры Нурханов Есеналы Сматуллаұлы 1-курс білімалушыларына жылы лебізін білдіре отырып, барша білім алушыларды білім күнімен құттықтады. Сондай-ақ колледжіміздің ӨОІЖ орынбасары Айдарбеков Хамит Сатыбалдыұлы білімге құштар жандарға сәттілік тілеп, мерекелерімен құттықтады. Ата-аналарда құттықтау сөз айтып, сөз сөйлеп, ұстаздарға алғысын айтты.


📚 Іс-шара барысында колледжіміздің білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген ұлағатты ұстаз бола білген, бүгінде колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Орынбасаров Ахат-али ағайымыз барша білім саласының қызметкерлерін және білімалушыларды білім күнімен құттықтай отырып, барлық пән оқытушыларымен таныстырды.


♻️Құрметті ата – аналар, білімалушылар, ұстаздар баршаңызды бүгінгі 1-қыркүйек Білім күнімен құттықтаймыз!! Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін толағай табыстар тілейміз!!!