Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбайдың 2022 жылғы 25 ақпандағы №14/2307 хатына сай «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және 2022 жылғы 23 ақпандағы №6-1/984-И хатымен «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне Республикалық тексеруді дайындау және жүргізу бойынша ұйымдастыру нұсқаулығына» сәйкес азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыруды, сондай-ақ құлақтандыру жабдықтары мен құралдарының жұмыс қабілеттілігін тексеру мақсатында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай а.ж. 1-наурыз күні, сағат 10.00-де облыс аумағында азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі іске қосылатындығын хабарлаған болатын. Осыған орай, 15 колледж МКҚК-да барлық қауіпсіздік шараларын және санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, сейсмикалық жаттығулар өткізу ұйымдастырылды.