Өңіріміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге ету, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген махаббатын алғыспен жеткізуді мақсат тұтқан Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы №15 колледж ғимаратында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен 1-Наурыз алғыс айту күніне орай ақындармен кездесу өтті. Аудандық кітапханада бас қосқан іс-шарада жергілікті ақындар М.Құралов,Н.Әбдіғаппаров,С.Әбсаттаров,"Шаңырақ- отбасы," клубы төрайымы К.Өмірбекова сынды жандар қатысты. Айта кетейік, аталған шараға білім ордасының әр ұлт өкілдерінен құралған тәжік,өзбек,қырғыз,орыс,қазақ ұлттары қатысты. Іс-шарада ұлтаралық татулық,ұлттар арасындағы достықтың маңыздылығы туралы баса айтылды. Кеш барысында ондағы білім алушылар ақынжүректі жандарға сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Жиын өз деңгейінде әсерлі өтті.