Асықаталықтар “Қош келдің, әз Наурыз” мерекесін атап өтті. Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мерекені 15 колледждің студенттері де Асықата мәдениет үйіне барып, өз өнерлерін дүйім жұртқа көрсетіп, сондай-ақ колледж қызметкерлері берекелі дастарханын жайып, келген қонақтарға наурыз көже ұсынды. Салтанатты мерекелік іс-шараға ел ағалары мен ел аналарымыз ақ тілектерін жаудырып, алғыстарын білдірді.