«Білім беруді дамыту орталығы» КММ - нің 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, ТжКББ кафедрасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 31-мамыр күні Жетісай ауданында орналасқан №15 колледж КММ-нің базасында «Дарынды және үлгерімі төмен студенттермен жұмыс» тақырыбында аймақтық семинар - тренинг өткізілді. Семинар тренингте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері, психологтары, әлеуметтік педагогтері мен оқытушылары қатысты. Семинар тренингте колледж әдіскері Д. Смагулова "Дарынды студенттермен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері", ️Мақтаарал аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы К. Ерханова «Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау және олармен жұмыс жүргізудің жолдары» тақырыбында педагогтермен жеке, топтық жұмыстар ұйымдастырып, дарынды және үлгерімі төмен студенттермен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өздерінің шығармашылық жұмыстарымен ой бөлісті. Мақсаты: Дарынды және үлгерімі төмен студенттерді анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту және оларға қолдау көрсету. Дарынды және үлгерімі төмен білім алушыны дамытуда инновациялық технологияны қолдана отырып, озық жұмыс тәжірибесін қолдану.