"ТАЗА СЕССИЯ" АКЦИЯСЫ

Жазғы сессия қарсаңында емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында алдын алу үшін «Таза сессия» акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты:

Білім алушылар мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы жемқорлық фактілерін анықтау.

Білім алушылардың оқытушылар құрамының, колледж қызметкерлерінің құқықтық санасын, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және оқу үдерісінің сапасын бақылау мақсатында «Таза сессия» акциясы шеңберінде анонимді сауалнама жүргізу арқылы өткізілді. Сауалнамаға колледж білім алушылары мен оқытушылар қатысты. Сауалнама барысында білім алушылар сабақ пен емтихан кезінде белгіленген талаптарды бұзған, субъективтілік пен ерік-жігер танытқан оқытушылары туралы хабарлауға мүмкіндік алды.

QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК Түркістан Облысының Білім Басқармасы Жетісай Жастар Ресурстық Орталығы